Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр ата, асыл әке - Алпан ағамыздың өмірден өткеніне жыл болды. Жарқын бейнесі әрқашан есімізде.

 

Апамыз Күләндадан дара туған,

Кеңдік пен адалдықты ала туған.

Ағамызды еске алып, сағынамыз,

Біз үшін ғасыр адам, дана тұлғаң.

 

Жақсыларға теңеу болған,

Жүдегенге демеу болған

Жамандыққа бұрылмаған,

Ұстанымы бұзылмаған.

АҒАТАЙ.

 

ИМАНДЫ БОЛЫҢЫЗ.

 05.01.2021                     Саулеш Аубакирова

https://www.instagram.com/p/CJqJn7qJxfY/

 


    --- АРДАГЕР АСҚАН АСУЛАР ---

Алпан Итжанов ағаның еңбекке араласып, бесжылдықтың ұранымен ауыл экономикасына қомақты үлес қосып, ат жалын тартып, қылшылдаған, тепсе темір үзетін жігіттік шағында соғыс басталды да кетті. Тоқсаннан асқан қажырлы қарттың үйінде отырып әңгімелесіп едім. Өзім де соғыс зардабын тартқан жандардың бірімін, толқып отырдым. Жан беріп жан алысқан бұл қырғын соғыста қаншама боздақтар Жеңіс күнін көре алмай арманда кетті екен? Алла қолдаған болар, періштесі қаққан болар, Алпан аға аман-есен елге оралды, Жеңіс күнін көрді. Алаш арыстарының аңсаған арманы–Тәуелсіздіктің де жемісін татып жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының саясатына дән риза. Ардагерлерге арналған кең сарайдай боз үйінде немере-шөберелерінің қызығын көріп, мәрә-сәрә болып жатқан жайы бар. Өмірінің қызығы мен шыжығын бірге бөлісіп келе жатқан жан серігі, аяулы жары-бәйбішесі Кәлима Жұмашқызымен екеуі 12 бала тәрбиелеп өсірген екен. Кәлима апай «Күміс алқаны да», «Алтын алқаны» алған абзал ана. Шетінеп кеткен үш баласынан басқасы, яғни, он екі баласы бұл күндері жеке-жеке отбасын құрған. Жеке-жеке ауыл. Әрқайсысының өзінің кәсіптері бар. Алпан ағаның уайымы да, өкініші де жоқ.

 Ұлы Отан соғысында аса қажырлы ерліктері үшін ІІ дәрежелі «Отечественная война», екі рет «Красная Звезда», «Құрмет» ордендерімен, «За боевые заслуги», «За отвагу», «За оборону Сталинграда», «За взятие города Кенигсберга», «За взятие города Севастополя» және соғыстан кейін Ұлы Жеңістің мерейтой медальдарімен «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған. 

Соғыс аяқталғаннан кейін мектепте мұғалім және директор, ауылдық Кеңестің хатшысы және төрағасы, «Бабаев» атындағы совхозда құрылыс цеғының мастері, осы совхоздағы ардагерлер ұйымын құрысуға ат салысып, халықтың арасында патриоттық тәрбие тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ұлтжандылықтың, үлгі-өнегенің қалыптасуына елеулі үлес қосқан ардақты аға.

Алпан ақсақалдың соғыстағы ерлік жолдары өзінің қарулас жолдасы Иван Анисимович Редоктың «Огнем и словом» атты естелік кітабында жақсы егжей-тегжей баяндалған.

Соғысты 23 жасында аяқтаған Алпан аға, одан кейінгі алпыс тоғыз жыл бойы Жеңіс мерекесін аса бір шабытпен өткізіп келеді. Осы қалпынан жаңылмай алдағы Жеңіс күндерін де көргісі келеді. Алла денсаулық бергей! «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс»(Қасым) десекте, адамзат тарихындағы бұндай жойқын соғысты ешкім де ұмыта алмас. 1942 жылдың 13 сәуірінде шақыру қағазын алған Алпан ағаның соғыс жолдары Сталинград бағытында ұрыс жүргізіп жатқан 72-ші гвардиялық атқыштар полкінің барлаушылар тобында басталады. Майданның алдыңғы шебінде полк барлаушысы дәрежесінде жүріп Сталинградты, Оңтүстік Украинаны, Белоруссияны, Қырымды, Литва аумағын, Шығыс Пруссияның өңірлерін, оның ішінде немістер «корольдік тау» деп атайтын атақты Кенигсберг қаласын басқыншылардан босатуға қатысады. Күндіз-түні жорық. Бел шешіп дем алатын жер таңдап жатпайсың. Алпан аға ерекше есте қалған әлі күнге дейін ұмыта алмай жүрген екі арпалысты былайша еске алады: біреуі Қырымды, екіншісі Кенигсбергті азат ету еді.

1.Қырым. Немістер 1944 жылға дейін Қырымды бермей қойды. Наурыздың ортасынан сәуірдің ортасына дейін біздің авиация мен артиллерия бірнеше рет жаудың алдыңғы шебіне оңдырмай соққы берді. Жарылған бомбылардан аспанға атылған жердің топырағынан маңай қап-қараңғы боп кетеді. Жер–Ана бұлқынып, жұлқынып ыңыранып жатқандай әсерде боласың. Бір шағын өзектің арғы бетіндегі немістердің тыл жағына өтіп алды да, ойламаған жерден «уралап» немістер жатқан траншеяларға лап қойдық. Артымыздағы өкшелеп келе жатқан зеңбірекшілер мен артиллеристер үсті-үстіне немістердің негізгі бекінісіне снарядтарды қарша боратты. Ендігі мақсатымыз алдымызда жатқан Шатырлық өзенінен өтіп, Евпаторияға жол ашу. Бұйрықты таңғы үшке дейін орындау керек. Өзеннің арғы бетінде тағы да немістер. Қатты бекінген. Күзет күшті. Уақыт тығыз. Арғы бетке өту үшін қолдан жеткілікті етіп

сал жасап және бар қару-жарағымызды артып, түнделетіп неміс бекінісінен 3 шақырымдай жердегі «Жаңа Қызылбай» поселкасының түбінен шықтық. Біздің отрядтан алға кеткен барлаушылар тобы бір топ немістің поселкаға қарай келе жатқанын байқап қалып бізге жеткізді. Біз екіге бөлініп жолдың екі жағына жатып немістердің ортадан өтуін тостық. Дәл ортаға келді-ау деген тұста көзді ашып-жұмғанша болған жоқ, қоршап алып, қарусыздандырдық. Ұстағанымыз немістің жеті солдаты және 1 фельдфебелі екен. Олар біздің десантниктер жатқан жағалаудағы немістердің түнгі күзетін айырбастауға келе жатқан болып шықты. Біз асығыс түрде 12-шақырымдық жерді марш-бросокпен жеделдете жүріп отырып, Воронцовка селосына кіріп ашық соғыстық. Немістердің арт жағынан сал жасап өзеннен өткен гвардия майоры Шепеловтың батальоны да атойлап ұрысқа араласып кетті. 2 сәуір таңғы бестің кезінде біздің барлық бөлімшелеріміз немістерді шегіндіре отырып, Евпаторияға жол ашты. Әрі қарай 4-ші Украин майданының әскерлерімен Қырымды, Севастопольге дейін түгел тазартып шықтық. Осы соғыста «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «За взятие Севастополя» медалімен наградталдым.

2. Кенигсберг (қазіргі Калининград қаласы). Кенигсбергті алу оңайға түскен жоқ. Немістер оны «Корольдік тау(королевская гора)» деп атайды екен. Біз соғыса отырып, барлаушылар арқылы шеткері бөлек тұрған үш этажды үйге орналастық. Жертөлеге полктың бақылау пункті орналасты. Біздің гвардияның қатардағы жауынгері Иван Анисимович Редок(кейін «Огнем и словом» деген естелік кітап жазған) тынығып алуға жертөлеге кірген мезетте мина жарылып үйдің біраз бөлігі опырылып түседі. Абырой болғанда Редоктың жарасы жеңіл, Сенцов және Косарев деген екі жолдасын сынған бетон астынан босатып алады. Сенцовтың оң аяғы, Косаревтің екі аяғы езіліп кеткен екен. Біздің саперлардың жақсылап тексермегендігінен болған қателік еді. Ал Бельчиков басқарған бір батальон маңайды саперларымен сүзіп жүріп, жер астынан шығып жатқан дыбыстарды естіп қалады. Жалма-жан гвардия жауынгерлері бункерге түсіп, жан-жаққа таралып жатқан жер асты туннельдеріне кездеседі. Жер асты толған әскери зауыттың цехтары, қатар-қатар жинап қойған пулеметтер екен. Қолма-қол немістер жағынан атыс басталды да кетті. Қара көлеңке жер астындағы соғыс алай-түлей, түтіннен көрінбейді. Біз жер асты жолының екінші жағынан мұндағы немістерді қуып шықтық. Жер астындағы үлкен зауытты, қоймаларды, жасырын баспаналарды, цехтарды көріп таң қалдық. Барлаушылардың мәліметтері бойынша Кенигсбергтің айналасы осылайша қоршалған және бекіністер орнатылған. 6 сәуір күні артиллериялық және авиациялық шабуыл басталды. 3-ші Белорус майданының 33-ші және 87-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы Кенигсбергтің солтүстік жағынан жаудың қорғаныс шебін бұзып қалаға енді. Одан әрі қаланың ішіне қарай кірерде екі тірек пунктін көрдік. Біреуі шіркеуге орналасқан. Оны 4-ші рота жансыздандырды. Екінші тірек пункті төрт этажды №14 мектепке орналасыпты. Оған екі топ болып кірдік. Бірінші топты Қабылов Төлен бастаған бес адам мектептің оң жағындағы 1-ші этажын, мен және Редок басқарған екінші топ жертөлені  алуымыз керек.

Бұл кезде мектепке орналасқан немістер қашып кетіп жатқан. Қабылов Төлен бастаған топ 2-ші, 3-ші, 4-ші этаждарды жаудан босатып, өзі мектептің шатырына ту ілді. Бұл оның бесінші туы еді. Ал біз, Редок екеуіміз жертөлеге келсек, есік жабық. Жақтауынан сығаласақ оншақты неміс жанталасып, жиналып жатыр екен. Қарулары қолдарында. Тікелей кіре алмаймыз. Бізден таяу жерде біраз жауынгер көмекке келуге біздің дабылымызды күтіп жатыр. Немістер қол жүктерін жинап болып, ортадағы үстелге айнала жиналып, біреуі жағалай арақ құя бастады. Біз Редок екеуіміз ымдасып, олар стақандарын қолдарына ұстап, ауыздарына апара бергенде басып кірейік деп келістік. Олар стақандарын көтеріп іше бастағанда «хенде хох!» деп айқайлап, ішке лап бердік. Немістер арақтарына қақалып-шашалып қалды. Дайын тұрған жолдастарымыз да жетіп келді. Немістерді ұстадық. Он екен. Жігіттер көрші бөлмелерден жеті немісті айдап әкелді. Бас аяғы он жеті немісті жиын пунктіне жібердік. Сөйткенше болған жоқ, жанымда тұрған Редок немістердің екі танкісі мен автоматчиктерінің мектептің іргесіне келіп қалғанын көріп қалды. Бұл кезде жертөлеге түскен Қабылов Төлен сыртқа жүгіре шықты. Фашистердің екі танкісі үйге тақалып қалған екен. Оның артында отыз шақты автоматчиктер оқ жаудырып келе жатыр. 100-120 метрдей қашықтықта тұрған артиллеристердің танкіге қарсы снарядтары таусылып қапты. Енді кешіксе артиллеристерден де, біздерден де ешкім қалмайтыны анық. Ойланып жататын уақыт жоқ. Қабылов Төлен танкіге қарсы пайдаланатын гранатын қапшығынан суырып алып, жауып тұрған оққа қарамастан келе жатқан танкінің алдына барып, астына қарай лақтырып үлгерді. Танк отқа оранды. Қайран Қабылов Төлен өзі мерт болды, бірақ жолдастарын аман алып қалды. Бұл кезде біздің 72-ші гвардиялық полк пен 49-шы гвардиялық полк келіп үлгерген еді. Осы соғыстағы Қабыл Төленовтың жанкешті ерлігі үшін Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Кейін 1985 жылдары Қабылов Төленнің қабірін тауып, белгі орнатуға, «Қабылов Төлен» атындағы балық аулайтын кеме экипажымен, №14 мектепке ескерткіш тақта қою рәсіміне және Калининград әкімшілігінің Қабылов Төлен туралы деректі фильм түсіруге арналған кездесулерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Дүйсенбеков Кәмәли, Сансызбаев Нұрымдармен бірге барып қайттым.

Соғыста талай рет жаралансам да есімнен кетпейтіні 1945 жылғы қаңтар айында Кенигсберг қаласының маңындағы атыстарда осының ғана алдында алған «За боевые заслуги» медаліме жаудың оғы тиіп медальдің бір жарықшағы оқпен бірге кеудеме кіріп кетіпті. Госпитальға түстім. Ота жасаған дәрігерлер –сен енді көп жасайсың, аман қалдың –деді. Міне, осылар және Қабылов Төлен мен Иван Редоктың тағы басқа қаруластарымның бейнелері есімнен кетер емес, -дейді Алпан аға. Госпитальден шыққаннан кейін Алпан аға өз бөлімшесінде соғысты әрі қарай жалғастыра береді. Кейін бейбітшілік кезінде, құжаттары бойынша осы медалін қайтадан алуға ұсыныс беріп, іздестіріп жүргенде, аудандық комиссариаттан тағы да «За отвагу» деген медаль алғанын біледі. 

Ошақбай СУХАНБЕРЛИН, 

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қарағанды қаласы.



 

МАЙДАН ДАЛАСЫНДА ЖАЙЫЛҒАН ДАСТАРҚАН 

 

       Әр әңгіме баяны әр қилы. Бір тақырыптар қапелімде қайта қалам тартқызып қалады. Қарағандылықтарға танымал бұл екі кісі жайлы жазылып та, айтылып та жүргенімен өмірлеріндегі аса ыстық сәтке, қазақы бауырмалдықтан ұласқан қимастық сыйластық сырына тоқталыңқырамай өте шығып келеді екенбіз. Сол бір шетінді өтеуді жөн көрдік.

    Алдын ала хабарласып, аяңдап таныс үйге бет алып келеміз. Шыдамсыздана күтіп тұрған сәлем арналушы адам анадайдан қалбалақтап қарсы алды. Ақсақалдар айқара төс түйістіріп, жанарларына жас іркіліп, сағыныштары басылғанша құшақтары жазылмады. Сырт қарағанда 100 жастың өзіне аттаған жандарға сенгісіз ескі достардың аман-есен қауышуларын тәубе еткен қуаныштары көңіл елжіретерлік еді.

   Бұл кісілерді қай қариялар дейтін емес. Алпекең мен Кәмекеңді дүйім жұрт біледі деудің артықтығы жоқ. Сонау соңғы жаһандық қанқұйлы соғыстың көзбе-көз куәгерлері әрі кеуделері сан марапаттарға қайысқан, ерліктері ертегідей айтылар аңызға бергісіз ерлері бүгінгі. Ал 1943 жылдың қақаған қысында Сталинград майданында ойда жоқта бастау алған достықтарының тарихы бір бөлек қызғылықты.

    …Қарулас, қадамдас тұрғыласы келуіне үй иесі денесі тіктеліп, жүзі ажарланып қалды. Көңіл-күйі көтерілуі ғой, қолына домбыра алып, өздеріне тәтті әуенді шертіп өтті. Тілекті жықпай сөз қыздырды. Алпекеңнің сағым болып көз алдында бұлдыраған, елесте қалған сол үзік сәтті зердесіне қалай сақтағанына қайран қалып, оны баяндауы баурап тыңдап отырмыз.

– Сталинград қоршауын бұзар алдындағы сәл саябыр тапқан күндердің бірінде мені батальон командирі қолтықтас дивизияның бөлімше командиріне арналған құпия мәліметті жедел жеткізуді тапсырды. Аттылы барлаушы ретінде хатты қойныма тығып шаба жөнелдім. Содан тапсырысты мүлтіксіз атқарып, қайта орғытып оралып келе жатқанымда жолдағы қар басқан окоптардың бірінен сыртқа сырғыған түр-түсі тым ыстық бозбала көзіме оттай басыла кетпес пе! Жалма-жан жанына жетіп бардым. «Қазақпысың» деп едім, «Қазақпын» деп сенер-сенбес болып аңырайып тұр. Аттан секіріп түсіп, баурыма бастым.

      Осы арада сөзге Кәмекең араласқан:

– Көзімнен жастың қалай ытқи жөнелгенін білмеймін. Бірден шайқастың нағыз қантөгіс ортасына тап келіп, 18-ге жетер-жетпестегі көкөрім шағымда ажал аузында жүргендей мені ауылдан ағам іздеп жетіп, бауырына алғандай сезіндім. Сондықтан босаңсуым басылмай құшағынан айрылмасам керек. «Тұлғаңа қарасаң дәу жігітсің. Жауынгерге жасық болу жараспайды. Бәріне де біртіндеп үйренесің. Міне, мен бірер жылда-ақ бүткіл қиындыққа көндігіп қалдым» дегенде ғана барып тіктелдім. Бойымды серпілткен жігер сөзі жүрегімде орнығып, қайратымды қайраған еді,– деді де Алпекеңді көкірегіне тағы бір қысып қойды.

 

     Соғыстың отына бұрынырақ шарпылумен бірге екі-үш жас шамасында үлкендігі бар оның сондағы ағалық қолтықтауының майдандағы өміріне зор қуат беруі ұзамай «Даңқ» орденінің үш бірдей дәрежесінің омырауында жарқырауынан көрінді. Ал екі мәрте «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ордендері мен «Сталинградты қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» , «Ерлігі үшін» медальдері Алпан атаның ерліктерінің куәсіндей кеудесін көріктендіріп тұр.

    Мұндай кездесуде қазақ қайда болса да, қандай жағдайда қазақтығын танытар қалыппен асығыстығына қарамастан тағдырлас бауыры көңілін жазып, кеңірек сөй­лесуге взвод командирінен жарты сағатқа мұрсат сұрап алады. Қалың қардың үстіне дастарқан жайып жіберіп, қор­жынындағы сары майдай сақтаулы қазы­дан, шақтаулы азықтан дәм татырады. Үскірік аяздан бой жылытарлық майдандық тиістілі несібеден алдыртып та қояды.

     Бұдан кейінгі кездесулері ұзаққа созылмайды. Соғыс барысын күрт өзгерткен жеңістен соң соққы берер бағыттары жаңаша белгіленген армиялар құрамындағы екеуінің майдандық жолдары Қырым мен Белоруссияны азат етуге жалғасады. Камали Дүйсенбеков аталған түбекті қайтару шайқастарының бел ортасында жүрсе, Алпан Итжанов бұл кезде батысқа қарай шабуылдап бара жатады. Кәмекең Севастополь іргесінде ауыр жараланып, елге ертерек оралғанда Алпекең жорықты Кенигсбергте аяқтайды.

     Тоғысқан тағдырдың маңдайларына жазғаны шығар, екеуі содан соң туған жерде тағы табысады. Елеулі еңбектерімен танылып, айтулы азаматтар атанады . Әрқайсысының шаңырағы шүпірлеген бүлдіршіндердің қызығына бөленеді. Қос қария бүгін он-он баладан өрбіген немере-шөберелерінің, одан қалды шөпшектерінің шат-шадыман өміріне қуанышты.

     Алпан ата бірер жыл бұрын қарулас досы, жеңіс алдында қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Төлен Қабыловтың Калининград облысындағы қабіріне тағзым етіп, жорық жолдарын аралап қайтса, Камали ата былтыр Мәскеуде өткен Жеңіс шеруінде атақты ардагерлер қатарында сом тұлғасымен ерекшелене сап түзеп өтті.

    Күркіреген майдандағы аяқ асты қатер қаупінде де қазақылыққа тән мінез бен дәстүрден айнылмай жайылған дастарқанның шапағаты оқтан да, оттан да жебеуші болған сияқты. Тар жолда табысып, құшақ созған аталар үлгісі бүгінгі ұрпаққа жараса түссе дейсің.

                                                                 

Айқын Несіпбай.

http://ortalyq.kz/2017/01/10/майдан-даласында-жайылған-дастарқан/


Встреча с разведчиком

 

        День Победы в областной школе-интернате для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата ждут особо. Встречи с героями войны накануне праздника - традиция для учебного учреждения. Много лет здесь работает музей «Память» имени кавалера трех орденов Славы Муташа Сулейменова, гостями которого в течение года становятся фронтовики, труженики тыла, воины-интернационалисты. Знакомясь с живыми свидетелями истории, воспитанники учатся любить Родину, терпению и стойкости в преодолении трудностей. 

         94-летний Алпан Итжанов - бывший разведчик и пулеметчик награжден двумя орденами Красного Знамени, орденом Отечественной войны II степени, медалями «За отвагу» и «За боевые заслуги». Школьников покорили его добрая улыбка, неуемная энергия, и никого не оставила равнодушным история разведчика о захвате «языков» из-под носа у немцев. Рассказывал ветеран и о гибели своих товарищей, ранениях. На передовой он познакомился и крепко сдружился с соотечественником - Героем Советского Союза Туленом Кабыловым. Фронтовой товарищ Алпана Итжанова геройски погиб при освобождении Кенигсберга, а сам аксакал в той битве был ранен.

Фронтовик Итжанов освобождал от фашистов Сталинград, Южную Украину, Беларусь, Крым, Литву. А из-за ожесточенных боев в Восточной Пруссии сумел отпраздновать День Победы только неделю спустя: некоторые немецкие части не знали, что Германия капитулировала, и потому бились до последнего.

В качестве подарка подростки подготовили для ветерана концерт и показали созданный ими видеофильм о школьном музее. Участники акции «Полевая почта» читали отрывки из своих писем, адресованных ветеранам Великой Отечественной войны. 

                                                                                                                                                  Автор: Наталья ПРУС

http://inkaraganda.kz/articles/144468


Спасибо за стойкость и отвагу

Он с трудом поднимается на сцену, но его руки до сих пор крепко сжимают домбру. «Мы выстояли! Мы победили!» - говорит 93-летний ветеран Великой Отечественной войны Алпан Итжанов, обращаясь к своим боевым товарищам, которые приветствуют его громкими хлопками. И уже через несколько секунд на зрителей льется чудесная степная мелодия...

Торжественное чествование фронтовиков-карагандинцев под лозунгом «Мы помним, мы гордимся!» было организовано по инициативе акимата Октябрьского района г. Караганды, районного совета ветеранов, а также при активной поддержке регионального командования «Астана». Как признается председатель местной ветеранской организации полковник Марат Аймагамбетов, когда-то в районе проживали сотни участников Великой Отечественной. Сейчас их осталось всего 39.
- В этом году мы впервые решили провести чествование в крупном жилом массиве. Дело в том, что в этом доме квартиры выделили именно нашим фронтовикам, узникам фашистских концлагерей, воинам-интернационалистам. Хочу сказать, что ежегодно к святому для нас празднику 9 Мая мы стараемся подойти неординарно: в прошлом году, к примеру, устроили ветеранский концерт. Уважаемый в городе человек, Нина Николаевна Сорокина, которой в этом году исполнилось 97 лет, прочитала нам стихи. Николай Мефодиевич Кривошеев исполнял частушки. Оба они, кстати, много лет подряд участвуют в работе ветеранского хора «Надежда» Дворца культуры Майкудука, - рассказывает Марат Аймагамбетов.
А вот Алпан Итжанов еще со времен юности не расстается с домброй. Музыка нам строить и жить помогает, утверждает аксакал. На фронт он ушел совсем молодым пареньком, воевал в разведке. С улыбкой рассказывает, как из-под носа у немцев брал пленных «языков». В активе у карагандинца - два ордена Красного Знамени, орден Отечественной войны II степени, медали «За отвагу» и «За боевые заслуги», а также недавно врученный орден «Құрмет». Алпан Итжанов освобождал от фашистов Сталинград, Южную Украину, Белоруссию, Крым, Литву и Восточную Пруссию. На передовой он познакомился и крепко сдружился с соотечественником, Героем Советского Союза Туленом Кабыловым. Фронтовой товарищ аксакала геройски погиб при освобождении Кенигсберга, а сам Алпан Итжанов был ранен в той битве. Как только раны зажили, разведчик вернулся на фронт, где и сражался до самой Победы. 9 мая 1945 года он встретил в Восточной Пруссии.
- Чтобы завоевать эту Победу, многие поплатились жизнью. Было пролито много крови. Молодежь это понимает и бережет нашу независимость, - говорит он.
Другой ветеран, Буркыт Есжанов, принимал участие в обороне Москвы в составе 5-й гвардейской стрелковой дивизии, освобождал Вязьму, Великие Луки, принимал участие в сражении на Курской дуге, где был тяжело ранен. После того как его выписали из госпиталя, сражался в Прибалтике. А после воевал с японцами, освобождая дружественный Китай. Ветеран пожелал школьникам помнить, что в той страшной войне ради счастья будущих поколений свои жизни отдали миллионы людей, и попросил свято хранить память о Великой Победе.
- Мы, ваши потомки, всегда будем помнить ваши жертвы и страдания. Наш долг - бережно хранить каждую крупицу правды о войне, проявлять неустанную заботу о ветеранах и свято чтить память погибших. Низкий поклон вам, дорогие ветераны, за стойкость и отвагу, за ваш бессмертный подвиг, за Великую Победу! - поздравил участников Великой Отечественной войны командующий войсками регионального командования «Астана» генерал-майор Султан Камалетдинов, пообещав им от лица военнослужащих хранить мир, право на который они завоевали.

 

Автор: Фархат КИНЖИТАЕВ

http://inkaraganda.kz/articles/141255


Ардагер Алпан Итжанов №7 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп –интернатының оқушыларымен кездесті

 

Сұрапыл соғыстан аман келіп, қазір арамызда тірі жүрген сарбаздардың саны облысымызда бар болғаны 339. Сондай ардагерлердің бірі - Жамбыл атындағы №7 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп –интернатының оқушыларымен кездесті.

 

«Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар!»- деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, қатары күн өткен сайын сиреп келе жатқан соғыс ардагерлерінің бірі, қанмайданның қаһарманы – Алпан Итжанов. 1942 жылдың күзінде сұрапыл соғысқа сұранып барған, жауынгер ағамыз қазір 92 жаста. Қимылы тың, сөзі ширақ, айтар ойы айқын. Сыр-сұхбат алдымен деректі фильм көруден басталды. Оқушылардың көңілінде  жүрген сұрақтар да көп екен. Жаралы жауынгер жауап беруден еш жалықпады. Әңгіме арқауы -Отаншылдық рух, патриотизм төңірегінде өрбіді. Қан майданнан қайтып келген соң, Алпан Итжанов ұзақ жыл Бұқар жырау ауданында  ұстаз болды. Біраз уақыт мұғалімдер ұжымын басқарды. Бүгінде ұл –қыз өсіріп, немере сүйген бақытты жан өнерден де құралақан емес екен. Арасында оқушылар тілегін аяқсыз қалдырмады. Кездесу кешінде тыл ардагері, ұлағатты ұстаз Ошақбай Суханберлин  құрметті қонақ туралы игі тілегін білдірді. Осынау танымдық, тәрбиелік маңызы зор, игілікті іс-шараның соңында мектеп басшысы қарт жауынгердің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.  

 

Әли ТОЙЖІГІТ 


Алпан Итжанов боевой друг Героя Советского Союза Тулена Кабилова. Среди боевых друзей сидит слева.

История одного Героя из Караганды

92-летний ветеран из Караганды был свидетелем подвига Героя Советского Союза Тулена Кабылова.

Он погиб при освобождении Кёнигсберга. Алпан Итжанов и сам получил ранение в тех боях. Сегодня фронтовик готовится к главному для него событию - 70-летию Победы в Великой Отечественной войне.

В такой же апрельский день, но 73 года назад Алпан Итжанов ушел на фронт. Его направили на подготовку, где парень из села хорошо себя проявил, что его тут же направили в группу разведки стрелкового полка 72-ой гвардии. Она тогда участвовала в боях за Сталинград. Попав в гущу военных событий, вплоть до дня Победы молодой разведчик постоянно находился в эпицентре боевых действий.

Алпан Итжанов, ветеран Великой Отечественной войны:

- Нас практически в землю зарывали, а сверху накрывали сеном, чтобы мы были незаметны для врага. Случалось и так, что враг буквально ходил по нам.

Алпан Итжанов освобождал от фашистов Сталинград, Южную Украину, Беларусь, Крым, Литву и Восточную Пруссию. На передовой он познакомился и крепко сдружился с соотечественником Туленом Кабыловым. Фронтовой товарищ аксакала геройски погиб при освобождении Кенигсберга, а сам Алпан Итжанов был ранен в той битве. Как только стало легче, разведчик вернулся на фронт, где оставался до самой победы. О тех днях сегодня напоминают многочисленные медали и ордена на парадном кителе. 9 мая 1945 год он встретил в Пруссии.

Алпан Итжанов, ветеран Великой Отечественной войны:

- Чтобы получить эту победу, многие поплатились жизнями. Было пролито много крови. Молодежь это понимает и бережет нашу независимость.

После окончания войны ветеран много лет преподавал, возглавлял сельсовет родного аула. Вместе с супругой Калима аксакал воспитал 12 детей. Мечта у него одна – достойно встретить 70-ую годовщину Победы, до которой осталось чуть больше месяца. 

 

Авторы: Алия Сыздыкова, Асет Асаинов,

 

Караганда.

www.24.kz 


akimat_okt Instagram profile


Октябрьский район г.Караганды

@akimat_okt


 

По поручению главы государства, лидера нации Нурсултана Абишевича Назарбаева акимы областей, городов, районов поздравляют ветеранов Великой Отечественной Войны с наступающим новым годом! На фото Итжанов Алпан-ата с супругой. Всю войну ветеран прошел разведчиком, брал «языков», обезвреживал мины и проваливал планы неприятеля. За что был удостоен орденом Отечественной войны, Красной Звезды, медали “За отвагу”, “За боевые заслуги”, “За оборону Сталинграда”…



Солдан оңға қарай Алпан Итжанов, Кәмали Дүйсенбеков, Нұрым Сансызбаев.

Майдан даласынан басталған ДОСТЫҚ

 

       Соғыстан аман-есен оралған Алпан ИТЖАНОВ және Кәмали ДҮЙСЕНБЕКОВ ағаларымыздың майдан даласында шынығып, күні бүгінге дейін ұласқан достықтары үлгі-өнегенің қайнар көзіндей. Біздің Октябрь ауданы ардагерлер ұйымына мүше Алпан ағамен таныс болсам да, жақсы білмейді екенмін.

Алпан ағам бірде әңгіме тиегін былай ағытты: «1943 жылғы Сталинград шайқасы біздің жеңісімізбен аяқталғаны белгілі. Бірақ, сол қанды қасапта екі жақтан да опат болған жауынгерлердің есебінде қисап жоқ. Қай жағыңа қарасаң да, шашылып жатқан, танкінің табанында тапталып қалған денелерді  көріп, жүрегің айниды, қиналасың. Осыны көре тұрып, жауға деген өшпенділігің үдей түседі. Сталинградты қоршауға алған Паулюстің армиясын талқандауға біздің де қатарымыз сиреп қалған еді. Осындай күндердің бірінде біздің полкті толықтыруға жаңадан күш келе бастады. Кеш бата полк командирі маған «мына қағазды штабқа апарып бересің, таң атқанша қайтып оралуың қажет» деп, баратын жерімді картадан көрсетті. Және бұл қағазда бізге қанша адам келіп қосылды, оның құрамы қандай, қанша қару бар деген мәліметтер бар екенін айтып, оны байланыс жүйесімен беруге болмайтынын ескертті. «Сондықтан, атыңа мінде, зымыра. Бұйрықты орында!» деп аттандырып жіберді. Барлаушылық тәжірибем жеткілікті болатын. Штаб бізден 15 шақырымдай жерде. Жолды білем, әдіс-айлам да бар. Аман-есен хатты тапсырып, таң қылаң бере өзіміздің шепке жеттім. Қатарымыз толып қалған екен. Алға қарай жылжи бастадық. Тиісті бөлімшенің командирі болғандықтан, мен аттың үстіндемін. Жауынгерлер жаяу, шаршағандары көп, ұйқысы келіп қалжырағандары жүріп келе жатып құлап қалады. Еріксіз аз-аздан дем алып, жорық жолын жалғастыра береміз. Оң жағымдағы винтовкасы өзінен үлкен аласа бойлы жігіт екен. «Жаңадан келген жауынгерлердің біреуі шығар» деп, орысша жөн сұрай бастадым. Түріне қарасам, қазақ сияқты. «Әй, қазақпысың?» дедім орысша. «Қазақпын» деді. «Қайдан боласың?» деп сұрадым. «Қарағандыданмын» деді. Қуанышым қойныма сыймай, аттан секіріп түсіп, құшақтай алдым. Бүкіл ауылым, ондағы бауырым көшіп келгендей. Бұл - Кәмали еді. Таныса жүріп, жорық дастарқанын жайып жіберіп, жүрек жалғап алдық. Екеуміз құрдас екенбіз. Әрі қарай жолға шықтық. Атқа кезек мінеміз. Ақыры айнымас достыққа айналған менің Кәмекеңмен алғашқы таныстығым осылай басталған. Ол 1944 жылы жараланып, елге қайтқанға дейін арамыз үзілген жоқ.

...1978 жылдары Кенигсберг (Калининград) қаласында 1945 жылдың сәуір айында немістердің оқ боратып тұрған танкісін жойып, өзі де қаза тапқан Кеңес Одағының батыры Төлен Қабыловқа арналған үлкен іс-шараға шақырту алған едік. Соған майдандас достар - Нұрым Сансызбаев, Кәмали Дүйсенбеков, үшеуміз шақырылдық. Калининградтықтар жаңадан жасалған сыйымдылығы 3320 тонна, ұзындығы 82 метр болатын балық аулауға арналған траулерге және қаладағы №14 мектепке Төлен Қабыловтың атын беруге шешім қабылдапты. Сол салтанатқа қатыстық. Калининградтықтар барлық сый-сияпатын жасады. Мектеп оқушылары концерт қойды. Төленнің зиратына барып тәу еттік. Бізбен бірге болған литвалықтар да ат көпір қонақ кәдесін жасап, бір тәулік бойы жібермеді. Мәскеуге тоқтап, Кремльдің алдында суретке түстік».

Әңгімесін одан әрі сабақтаған Алпан аға: «соғыстың алдында Қарағанды мүғалімдер институтының 1 курсын бітіргем, соғыстан келісімен емтихан тапсырып, тарихшы мамандығы бойынша диплом алып, біраз уақыт адвокат, одан кейін өзіміздің ауылда мектеп директоры болып істедім. Бірде Ворошилов ауданы (Бұқар жырау ауданының бұрынғы атауы) «Үлгі» поселкелік Кеңесінің төрағасы болып жүрген кезім, Облыстық активке келгем. Ауданнан 5-6 кісіміз, «Үлгі» ауылының басшысы Ахмедия Алдоңғаров бар. Ахмедия ескі қаладағы саудагер таныстарына «сере шығатын жылқы сойыңдар, кешке қонаққа келеміз» деп тапсырыс беріпті. «Бізге ешқайда бармаңдар» деп ескертіп қойған. Орын ала берейін деп «Қарағанды» қонақ үйіне ресторан жағынан кіріп бара жатсам, иығымнан түртіп «өзің кісі танымайтын болғансың ба?» деп, жымиып тұр Кәмекең! Салған беттен бүгін кешке менде қонақта боласың деп бөлмесінің нөмірін айтты. 2-3 күндей бола алмайтынымды, рахметімді айтқаныма қарамастан, «бәрібір келесің, қайтарыңда соқ, тосамын» деді. Қайтарда соқтым. Бөлмесінде бір кісі отыр екен. Таныстырды. Жаңаарқа ауданынан, Социалистік Еңбек Ері Ыдырыс Жұмабеков екен. «Менің қанды көйлек досым - Алпан. Ойраны шығып жатқан ұрыс даласында алғаш кездескенде мені обкомның 1-ші хатшысы келгендей қарсы алып, құрметтеген. Неміспен арпалысып жатқанда мұндай құрметтің өзі ерлікпен пара-пар болатын. Мені тебіренткен сол достық есімнен кетер емес. Бүгін сәті келді» деп айтып үлгергенше, әйелі Марпуға келді. Астың дайын екенін ескертіп, шығып кетті. Ыдырысты менімен таныссын деп әдейі шақырып алған екен. Ресторанның жігіттері буын бұрқыратып, дәу табақты ортаға әкеп қойды. Семіз қойдың еті. Осы кездесуге арнайы алдырған екен. Сұрапыл соғыста қаза болған қарулас достарымызды еске түсіріп, жандары жәннатта, тәндері рахатта болсын деп, дәмге бата жасап, тарқасқан едік.

Міне, біздің майдан даласында басталып, шыңдалған достық. Әлі күнге жалғасын тауып келеді. Бұған дейін де, бұдан кейін де талай кездестік қой. Бәрін айтып тауыса алмайсың» деп әңгімесін аяқтады.

Екеуі де жұмысбасты. Социалистік жарыстың қызып тұрған тұсы. Сонда да, кездескенде бірін-бірі жаңа көргендей, осылай ұзақ отырып қалатындары бар. Иә, ел батырларының, ардагерлердің ерліктері, достықтары, тәлімді сұхбаттары, әңгімелері - үлгі-өнегенің қайнар бұлағы емес пе?! Құрметке бөленген, кеудесі сарқылмас қазына ардагерлеріміздің арамызда жүргені қандай жақсы. Өнегелері ұрпақ бойына сіңіп жатса ғой. 

О. СУХАНБЕРЛИН.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.


akimat_okt Instagram profile


Октябрьский район г.Караганды

@akimat_okt

 

Итжанов Алпан-ата в годы войны служил разведчиком! И сегодня, пришедшим поздравить его он поведал об ужасах войны, о трудностях, с которыми пришлось встретиться на фронтах Великой Отечественной солдатам Победы. Они испытали все, что только можно было испытать. Холод и бездорожье, жару и слякоть, неимоверную нагрузку, связанную с постоянным передвижением орудий, снарядов к ним, сон прямо в окопах, порой при огненных перестрелках… И казавшийся вечным запах горелого пороха.


 Алпан Итжанов майданда алғы шептегі жауынгерлердің бірі болды

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Шығыс Пруссия өңірлерін, оның ішінде немістер «Корольдік тау» деп атап кеткен әйгілі Кенигсберг қаласын басқыншылардан азат етуге қатысқан қарт майдангер Қарағандыда тұрады. Бүгінде жасы тоқсаннан асқан Алпан Итжанов ақсақалдың санасы сергек, қайраты тың. Атты барлаушылар тобының ержүрек сарбазы талай мәрте жау тылына ұрын барып, ұрыс салған. Алпан Итжанов Бұқар жырау ауданындағы Үлгі ауылының тумасы. 1942 жылдың 13 сәуірінде осы жерден әскерге шақырту алып, әуелі жедел даярлықтан өтеді. Сөйтіп бірден Сталинград бағытында ұрыс жүргізіп жатқан 72-гвардиялық атқыштар полкінің барлаушылар тобына қосылады. Соғыс аяқталғанша алғы шепте, қауіп-қатердің бел ортасында жүрген. Алпан Итжанов,соғыс ардагері: - Көміп, үстіңе сол жерде қандай қараған, шөп өссе соны үстіңе төсеп кетеді. Ондағы мақсат – жаудың бүкіл отты нүктелерін айыру керек. Кейде шабуыл болып кеткенде үстімізден немістер де жүріп кетеді. Алпан ақсақал Сталинградты, Оңтүстік Украинаны, Беларусьті, Қырымды, Литва аумағын, Шығыс Пруссия өңірлерін азат етуге қатысқан. Кенигсберг қаласын басқыншылардан босату кезінде ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының батыры Төлен Қабыловтың қарулас досы. Өзі де сол кескілескен ұрыста ауыр жарақат алып, кейін майдан даласына қайта оралады. Соғыстағы батырлығы үшін бірнеше орден, медальдармен марапатталған. Ақсақал Жеңіс күнін сол Пруссия жерінде қарсы алыпты. Алпан Итжанов, соғыс ардагері: - Бұл қаншама адамның қанымен келген жеңіс. Ендігі біздің бүкіл елдің болашағы кейінгі жастар осы егемен еліміздің аясында бақытты өмір сүре берсе екен. Соғыс аяқталғаннан кейін Алпан ақсақал көп жылдар ұстаздық етті. Ауылдық кеңестің хатшысы және төрағасы болды. Өмірлік жары Кәлима әже екеуі 12 баланы бағып-қағып өсірді. Бүгінде солардан тараған немере, шөберені сүйіп отырған

жайы бар.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Әсет Асайынов

 www.24.kz 


«Жеңіс» жалауы желбіреді

 

Табалдырықтан аттаған Жаңа жыл мерейлі, мерекелі даталарға тұспа-тұс келуімен, айтулы оқиғалар аясында айшықталуымен ерекше болмақ. Соның ішінде ТМД елдерінде «Ардагер жылы» деп жарияланып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуы аталып өтуі аға ұрпақтың өшпес ерлігін ту еткен, жас буынға өнеге тұтқан еліміз өміріндегі жарқын белеске айналғалы тұр. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамашылығымен майдан ардагерлерін құрметтеу және қолдауға арналған жалпыұлттық акция бұл күндері одан әрі жалғасын табуда. Осы мақсаттағы шаралардың бірі 30 желтоқсанда Астанада бастау алған «Жеңіске құрмет» республикалық марафоны болып отыр. Кеше оған қатысушылар «Жеңіс» жалауын Қарағандыға жеткізді. Қаладағы «Мәңгілік алау» ескерткіш кешеніне гүл шоқтары қойылды. Жалауды «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Сұлтан Камалетдинов қабылдап алды. Ұлы Отан соғысы ардагерлері атынан сөз сөйлеген 2 «Қызыл Ту», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерінің, 2 «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарының иегері Алпан Итжанов: «Мұндай маңызды, тағылымды шаралар жастарды патриотизмге, елін сүюге тәрбиелеуді, рухани баюды, бірлікті, достықты нығайтады. Біздің ерліктеріміз ұмытылмай, жас ұрпақ бойына сіңірілуіне, қадір тұтылып, тереңдетілуіне ризамыз», деді. «Жеңіс» жалауы ертең Шығыс Қазақстан облысына, одан қаңтар айының аяғына дейін еліміздің барлық өңірлеріне жеткізіледі.                                                                                                                                                                               Айқын НЕСІПБАЙ

«Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.
Ақпарат көзіhttp://egemen.kz/2015/01/06/46500